Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
19:14 8.3.2022

Америкалық Bloomberg, CNN және The New York Times басылымдары АҚШ билігі бүгін Ресей мұнайының импортына санкция салады деп хабарлады.

19:13 8.3.2022

Ресей Украинаға соғыс ашқалы кемі 41 бала опат болып, 76 бала жараланған. Бұл туралы Украинаның адам құқығы жөніндегі уәкілі Людмила Денисова хабарлады.

Оның сөзінше, Ресей әскері қоршауға алған Мариуполь мен Волновахтағы адам шығыны жайлы деректі алу қиын болып тұр.

19:03 8.3.2022

Зеленский қайда?

Украинадағы соғыс кезінде елдің президенті Владимир Зеленский Киевтен басқа елге кетті деген түрлі ақпарат бірнеше рет шыққан. Зеленский желідегі парақтарында бұл ақпараттарды жиі жоққа шығарып, Киевте, президент кеңсесінде екенін айтып келеді. Ол 7-8 наурызда Киевтен видео жариялады.

18:37 8.3.2022

KFC мен Pizza Hut иесі "Yum! Brands" Ресейдегі бизнесіне инвестиция салуды және дамыту жұмыстарын тоқтатады. Компания мәлімдемесіне қарағанда, Ресейде қазір жұмыс істеп тұрған KFC мен Pizza Hut ​орындары қала береді, жаңа орындар ашылмайды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG